Жаңалықтар

Үкіметте энергетика нысандарын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қаралды

Үкіметте энергетика нысандарын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қаралды
Фото: El.kz 14.04.2023 09:22 889

Үкімет басшысы Әлихан Смайловтың төрағалығымен экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Оған орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, қаржылық мониторинг агенттігі және т.б. ведомство басшылары қатысты.

Қатысушыларға «Астана қаласының ақылы автотұрақ кеңістігін құру, пайдалану және басқару» жобасы туралы ақпарат берілді. Жобаны жүзеге асыру үшін елорда әкімдігі 2018 жылы «Астана автотұрақ кеңістігі» ЖШС компаниясымен емлекеттік-жекешелік әріптестік келісімшартына отырған. 

Үкіметте энергетика нысандарын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қаралды



Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға аталған келісімшартты республика заңнамасының нормаларын сақтау, оның ішінде монополияға қарсы реттеу тұрғысынан талдау тапсырылды. 

Сонымен қатар отырыста энергетика саласындағы жекелеген нысандарды мемлекет меншігіне қайтару және қатты пайдалы қазбаларды барлауға бірқатар лицензиялар берудің заңдылығы мәселелері қаралды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға