Жаңалықтар

Үкімет Жезқазғанда су құбыры мен жылу желісін салуға 4,8 млрд қаржы бөледі

Үкімет Жезқазғанда су құбыры мен жылу желісін салуға 4,8 млрд қаржы бөледі
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 17.05.2024 14:42 574

Мемлекет басшысының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Жезқазғанда тиісті жұмыстарды орындауға қосымша қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Атап айтқанда, Ұлытау облысының әкімдігіне Жезқазған қаласының Батыс ауданының жаңа ықшам ауданына кәріз желілерін, магистралды су құбыры мен магистралды жылу желісін салу үшін ҚР Үкіметінің резервінен 4,8 млрд теңгеден астам қаражат аударылады.

Облыс орталығы мәртебесін алғаннан кейін қалада Батыс ауданы қарқынды түрде дами бастады. Онда жаңа тұрғын үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысан, оның ішінде 1200 орынға арналған мектеп құрылысы басталды (2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарда бар). Қажетті инженерлік коммуникацияларды уақтылы жүргізу барлық белгіленген объектілердің толыққанды іске қосылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
 
Айта кету керек, жалпы Ұлытау облысында коммуналдық желілердің тозу деңгейін азайту және реконструкциялау бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы кезде мынадай нәтижелерге қол жеткізілді: ұзындығы 1314 шақырымнан асатын су құбыры желілері бойынша тозу деңгейі 56,5-тен 51,2%-ға, су бұру желілері бойынша (539 км) – 74,6-дан 71,2%-ға, жылумен жабдықтау желілері бойынша (639 км) – 60-тан 58%-ға дейін төмендеді. 

Тұрғын үй-коммуналдық секторды сауықтыру бойынша кешенді жұмыс республиканың барлық өңірінде жүргізіледі және ҚР Үкіметі басшылығының тікелей бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға