Жаңалықтар

Үкімет «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті

Үкімет «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті
Фото: primeminister.kz 09.11.2024 11:10 325

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын бекітті. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды primeminister.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы экологиялық мәдениетті дамытудың әртүрлі әдіс-тәсілін қамтитын кешенді әдісті қарастырады. Негізгі бағыттар экологиялық ойлауды қалыптастыруды, жауапты мінез-құлықты дамыту және оны ынталандыру шараларын, экологиялық білім беру мен ақпараттандыруды қамтиды.

Тұжырымдаманы іске асыру экология туралы азаматтардың хабардарлығын арттыруға, экологиялық әдеттерді қалыптастыруға және халықтың экологиялық бастамаларға қатысуын жандандыруға мүмкіндік береді.

Нысаналы көрсеткіштерге сәйкес, 2029 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу деңгейін 25%-дан 38%-ға дейін арттыру, сондай-ақ экологиялық тәрбиені нығайту іс-шараларына тартылған оқушылар үлесін 15%-дан 40%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар азаматтардың экологиялық өмір сапасына қанағаттану деңгейін 55,8%-дан 64,7%-ға дейін арттыру күтілуде.

Тұжырымдаманы іске асыру қоғамдық орындарда коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау инфрақұрылымын дамытуды, экологиялық қауіпсіз тәжірибелерді енгізуді және қоршаған ортаны ластауға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ құжатта тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары бекітілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға