Жаңалықтар

Үкімет тарай ма? Депутаттар жауап берді

Үкімет тарай ма? Депутаттар жауап берді
Фото: © El.kz 01.09.2023 11:50 2652

Әлеуметтік желіде, БАҚ беттерінде сарапшылардың Үкіметтің тарауы мүмкін екені айтылып жүр. Осыған каникулдан келген депутаттар жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысынан сайланған Нұртай Сабильянов Үкіметті таратуға негіз жоқ екенін айтты. 

Мен мұндай жаңалық туралы естіген жоқпын. Әр адам әртүрлі пікір айтып, көзқарасын білдіруге құқылы. Менің ойымша, Әлихан Смайылов өз орнында қалып, жұмысын жалғастыру керек. Оның тәжірбиесі бар. Экономикада жақсы жұмыстар атқарып жатыр. Жалпы Үкіметтің жұмысына келетін болсақ, мәселе бар. Оның кемшіліктерін біз айтып жүрміз. Сол кемшіліктерді түзеп, қорытынды шығаратын болса, халыққа жақсы болады. Бірігіп, бірлесіп жұмыс істеп, халықтың проблемаларын шешуіміз керек. Ал жұмыс істемей жатқан министр болса, оларға қатысты шара қабылдану керек, - деді ол. 

Бірақ депутат жұмысын істей алмай жатқан министрлердің атын атай алмады. 

Мен ана министр былай істеп жатыр деп дәлелсіз ештеңе айта алмаймын. Дәлел бола ма, сол кезде айтамын. Дәлел жоқ, дәйек жоқ, «анау жаман, мынау жаман» дей берсек, онда біз жұмыс істейтін адам таппай қаламыз. Әзірге үш ай ғана бірге жұмыс істедік. Әрі қарай да жұмысымызды жалғастыратын боламыз. Ең бастысы осы қоғамның дамуына ат салысатын азаматтардың жұмыс істеуіне жағдай жасауымыз керек, - деді ол. 

Депутат Айдарбек Қожаназаров «Үкімет отставкаға кетеді» деген ақпаратты естімегенін айтты. 

Мұндай ақпаратты естіген жоқпын. Бұл өсек болуы мүмкін. Ал мен өсекке қатысты пікір білдірмеймін, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға