Жаңалықтар

Үкімет халықтың мәселесін шеше алмаса, отставкаға кетуі керек – Нұртай Сабильянов

Үкімет халықтың мәселесін шеше алмаса, отставкаға кетуі керек – Нұртай Сабильянов
Фото: facebook.com/Нұртай Сабильянов 05.04.2023 13:01 1743

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов қайта сайланған Үкімет құрамына қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің отырысынан кейінгі кулуарда айтты.

"Көңіліміз толмайтын министрлік ол – энергетика министрлігі. Өйткені, елдегі жанар-жағармайдың қымбаттауы энергитика министрлігінің жұмысына байланысты болып отыр. Оның үстіне жанар-жағармайдың мәселесі, энергетика саласы бойынша, газбен жабдықтауға байланысты мәселелер туындады",  деді депутат.

Ол жаңадан сайланған Энергетика министрі алдағы уақытта басқа министрлердің қызметтеріне байланысты талдау жұмыстары жүргізіп, тиісті шешімдер қабылданатындығына сенім білдірді.

Сонымен қатар, Үкімет халықтың жақсы өмір сүру жағдайындағы мәселелерді бірден шеше алмауы мүмкіндігін айтты.

«Үкімет өзінің құзырындағы мәселелерді шешуге, реттеуге міндетті. Егер де ол мәселелерді шеше алмайтын болса, онда Үкімет отставкаға кету керек», - деді Нұртай Сабильянов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға