Жаңалықтар

Үкімет басшысы Жетісу облысындағы нысандардың жұмысымен танысты

Үкімет басшысы Жетісу облысындағы нысандардың жұмысымен танысты
Фото: Үкімет 24.02.2023 18:33 1395

Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов өңірдің бірқатар инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысы қаладағы 1981 жылдан бері жұмыс істеп тұрған «Басқуат» қазандығына барды. Қуаты шамамен 200 Гкал/сағ. болатын қазандық бүгінде 500-ден астам көп пәтерлі және 1 000 жеке тұрғын үйді, 20 мектепті, 25 балабақшаны, 10 аурухананы және 90 әкімшілік ғимаратты жылумен қамтамасыз етіп отыр. Сонымен қатар Талдықорғандағы құрылыс жұмыстарының қарқыны мен жыл сайынғы жүктеменің ұлғайып келе жатқанын ескере отырып, қазандық қуатын сағатына 300 Гкал-ға дейін арттыру және объектіні газға ауыстырып, жаңғырту жоспарланып отыр.

Үкімет басшысы Жетісу облысындағы нысандардың жұмысымен таныстыӘлихан Смайылов қазандықты жаңғырту тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және жылу шығынын төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Үкімет басшысы Жетісу облысындағы нысандардың жұмысымен танысты

«Қазандықты газға ауыстырудың маңызы зор, бұл өнімділікті жақсартып, экологиялық мәселелерді шешуге айтарлықтай үлес қосады. Облыс әкімдігі жоба бойынша жұмысты жеделдетуі керек. Үкімет өз тарапынан қажетті көмек көрсетеді», — деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысы Жетісу облысындағы нысандардың жұмысымен таныстыОдан кейін Премьер-Министр кабельдік-өткізгіш өнімдердің түрлерін шығаратын «Талдықорғанкабель» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Зауыт өз өнімдерін Қазақстанның барлық өңірлеріне, сондай-ақ Әзербайжан, Қытай, Қырғызстан, Польша, Ресей, Өзбекстан және басқа да бірқатар елдерге шығарып отыр.

Үкімет басшысы Жетісу облысындағы нысандардың жұмысымен таныстыЖалпы Жетісу облысында 514 өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істейді, онда 4 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өткен жылы өңірде 280 млрд-тан астам теңгенің өндірістік өнімдері шығарылды, 17 жаңа нысан пайдалануға берілді. 2023 жылы инвестициялық құны 24,4 млрд теңгені құрайтын тағы 8 жобаны іске қосу жоспарланған.

Үкімет басшысы Жетісу облысындағы нысандардың жұмысымен таныстыҮкімет басшысының айтуынша, энергетика, машина жасау кәсіпорындарында, сондай-ақ мемлекет қаражаты есебінен объектілер салу кезінде отандық өнімді пайдалануды ынталандыру қажет. Осыған байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу мәселесін пысықтау тапсырылды.

Үкімет басшысы Жетісу облысындағы нысандардың жұмысымен танысты

Үкімет басшысы Жетісу облысындағы нысандардың жұмысымен таныстыТалдықорғандағы шағын аудандардың бірінде Әлихан Смайылов халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар үшін салынған 60 пәтерлік тұрғын үйді аралап көрді. Үкімет басшысы 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыста құрылыс жұмыстарының көлемі 4%-дан астам өскенін атап өтті.

Үкімет басшысы Жетісу облысындағы нысандардың жұмысымен танысты

Үкімет басшысы Жетісу облысындағы нысандардың жұмысымен танысты

«Облыс әкімдігі осы қарқынмен белгіленген жоспарларды тиімді іске асыруды жалғастыруы қажет. Сонымен қатар  құрылыс жүріп жатқан аудандарға инфрақұрылымды кешіктірмей, дер кезінде тартып беру маңызды», — деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы Жетісу облысындағы нысандардың жұмысымен танысты

Үкімет басшысы Жетісу облысындағы нысандардың жұмысымен таныстыСапар барысында Үкімет басшысы Ақшатоған ауылындағы жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің жұмысымен танысты. Онда биылғы қаңтар айынан бастап жергілікті тұрғындар медициналық көмек пен екпелердің негізгі түрлерін ала алады. Алдағы үш жылда өңірде тағы 118 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысаны, оның ішінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 59 медициналық нысан ашу жоспарланып отыр.

Үкімет басшысы Жетісу облысындағы нысандардың жұмысымен танысты

Үкімет басшысы Жетісу облысындағы нысандардың жұмысымен танысты

Үкімет басшысы Жетісу облысындағы нысандардың жұмысымен танысты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға