Жаңалықтар

Үкімет басшысы Құрбан айтпен құттықтады

Үкімет басшысы Құрбан айтпен құттықтады
Фото: primeminister.kz 28.06.2023 13:57 885

Еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысы өз құттықтауында мұсылхан халықтары үшін асыл мерекенің маңызына тоқталып, ізгі мейрамның ерекшелігінің атап өтті. 

Құрметті отандастар! Сіздерді жер бетіндегі күллі мұсылман үмбеті үшін қасиетті мереке – Құрбан айттың басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Ежелден елдің ынтымағы мен мерейін асыратын, адам баласын татулық пен ауызбіршілікке шақыратын ұлық мейрам әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш лебін сыйлайды. Ізгілікке, қайырымды істерге жол ашады. Сондықтан да ол әрбір жанның жүрегінен ерекше орын алады. Біздің рухани құндылықтарымызбен бірге жасай бермек. Әрдайым отбасының берекесі мен елдің игілігі үшін жасаған ниеттеріңіз қабыл болсын. Құрбан айт үйлеріңізге құт-береке алып келсін. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін, - деді Әлихан Смайылов. 

Бұған дейін Қазақстан халқын мемлекет басшысы құттықтап, Әзірет Сұлтан мешітіне арнайы барған болатын. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға