Жаңалықтар

Үкімет басшысы Олжас Бектенов туризмі төмендеп кеткен өңірлерді сынға алды

Үкімет басшысы Олжас Бектенов туризмі төмендеп кеткен өңірлерді сынға алды
Фото: t.me/KZgovernment 14.05.2024 11:04 690

Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің туристік саласына тартылған инвестиция көлемі айтарлықтай артқанын, алайда бірнеше өңірде инвестиция тарту жұмыстары, керісінше, төмендеп кеткенін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысының сөзінше, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 53 пайызға өсті. Десе де кейбір өңірлерде инвестиция тарту жұмыстары төмендеп кеткенін жеткізді.

Олардың қатарында Атырау, Жетісу, Павлодар, БҚО, Ақмола облыстарын атап өтуге болады. Бұл өңірлер тарихи-мәдени мұраларға бай әрі көрікті жерлері де көп. Демек әкімдіктерде бұл бағыттағы жұмыстарға тиісті ықыластары жоқ деген сөз. Мемлекет басшысы инфрақұрылымды кешенді түрде дамытып, сервис сапасын түбегейлі жақсарту тапсырды. Өйткені дәл осы мәселелер туризмнің дамуына тұсау болып отыр. Елімізде көздің жауын алатын көрікті жерлер көп. Бірақ оларға жетудің өзі бір мұң. Қазіргі жағдайдың түзелетіні байқалмайды, – деді Олжас Бектенов.

Премьер-министр Шығыс Қазақстанды немесе Балқаш пен Алакөлде не сапалы жол жоқ, не аялдайтын арнайы тұрақтар мен кемпингтер қаралмағанын сынға алды.

Туристер күйі кеткен демалыс орындары мен ондағы санитариялық талаптарға сай келмейтін қолайсыз жағдайларға мойынсұнуға мәжбүр. Сонымен қатар нарықта бәсекенің болмауы қызмет көрсету бағасының қымбаттауына алып келеді. Бәсеке жоқ жерде, сервис сапасы да ақсай беретіні анық. Туристік бизнесте «демалуға қайтсе де келеді» деген қарабайыр түсінік қалыптасқан. Дәл осындай көзқарас еліміздің туристік имиджіне нұқсан келтіреді, – деді ол.

Сондықтан мемлекет тарапынан туристік аймақтарда инфрақұрылымды қамтамасыз етіп, инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау қажет екені жөнінде тапсырма берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға