Жаңалықтар

Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті

Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті
Фото: primeminister.kz 02.02.2023 15:11 1297

Алматыда ЕҮАК отырысы қарсаңында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тараптар ЕАЭО аясында кедергілерді жою, бұрын қабылданған стратегиялық құжаттарды іске асыруға ғылыми негізді күшейту, сондай-ақ Сауда және техникалық реттеу блоктары жөніндегі комиссия жұмысының мәселелерін талқылады.

Үкімет басшысы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті


Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қазақстан ЕАЭО қызметі тек экономикалық бағытта болуы тиіс деген ұстанымды басшылыққа алады.

«Барлық шешімдер экономикалық прагматизмге негізделуі керек»,  деді Премьер-министр.

Өз кезегінде Михаил Мясникович Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң көрсеткіштері ЕАЭО елдерімен өзара сауданы одан әрі кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасайтынын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға