Жаңалықтар

Үкімет басшысы еліміздегі автомектептерді есепке алуды тапсырды

Үкімет басшысы еліміздегі автомектептерді есепке алуды тапсырды
Фото: t.me/KZgovernment 30.07.2024 11:36 642

Үкімет отырысы барысында премьер-министр автомектептерге қойылатын талаптардың төмендеуі жүргізушілерді даярлау сапасы мен жүргізу мәдениетіне теріс әсер еткенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысының айтуынша, қазір оқу орталықтарын ашу үшін лицензиялар мен рұқсаттар талап етілмейді. Олардың көпшілігінде қажетті материалдық база жоқ. Бүгінгі таңда сапасыз дайындық үшін әкімшілік жауапкершілікті алып тастағандықтан, оқу процесі көбінесе формальді түрде жүзеге асырылады.

Ішкі істер министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп барлық автомектепті есепке алу тапсырылды. Сондай-ақ халықаралық тәжірибе талданады және қажет болған жағдайда жүргізушілерді даярлау және жүргізуші куәлігін алу тәсілдері қайта қаралады.

Автокөліктің техникалық жай-күйі жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Жыл сайын еліміздегі автопарк өсіп келеді. Ал, автокөліктерді техникалық тексеру сапасыз жүргізіледі.
Техникалық қызмет көрсету орталықтары бас пайдасын ғана ойлап, жұмыс істейді. Жол үстіндегі қауіпсіздік және адамдардың өмірін сақтау мәселесі жекелеген тұлғалардың мүддесінен биік тұруға тиіс. Техникалық тексеру орталықтарының жұмысын жөнге келтіретін уақыт жетті. Көлік министрлігіне көлік құралдарына техникалық тексеру жүргізу сапасын тиімді бақылау тетігін әзірлеуді тапсырамын, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға