Жаңалықтар

Үкімет ауылды дамыту тұжырымдамасын бекітті

Үкімет ауылды дамыту тұжырымдамасын бекітті
Фото: El.kz 10.04.2023 09:39 1308

Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлады  El.kz ақпарат агенттігі.

Тұжырымдама ауылдық аумақтардың географиялық ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескере отырып, олардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін аша түсуге бағытталған. Оның аясында ауыл тұрғындарының табысы мен тұрмыс сапасын арттыру бойынша түрлі шаралар қарастырылған.
Құжатта "Ауыл – Ел бесігі" жобасы аясында республика бойынша ауыл тұрғындарының 90%-ы өмір сүріп жатқан даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылдық елді мекенді (АЕМ) кешенді жаңғыртуға баса назар аударылған. Мұндай елді мекендер адамдардың еңбек етіп, өмір сүруіне қолайлы жағдайлар жасау есебінен экономикалық өсудің жаңа нүктелеріне айналады.
Негізгі мақсаттардың бірі – ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту. Атап айтқанда, жаңа мектептер мен медициналық нысандар салынып, сумен және электрмен үздіксіз жабдықталады, кең жолақты интернет және ғарыштық байланысы тартылады,- деп жазылған хабарламада.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға