Ақтаулық теннисші Бейбіт Жұқаев Ұлыбританияның ашық чемпионаты – Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды. Ол «Үлкен дулыға» турнирінің негізгі себетінде алғаш рет өнер көрсетпек, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іріктеу финалында Бейбіт Жұқаев (әлемдік рейтингтегі орны – 251) Луку Павловичті (239) 3:6, 6:3, 6:2, 7:6 есебімен жеңді.
Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіндегі жеребе жұма күні таңертең өтеді.
Бейбітпен қатар негізгі кезеңде Александр Бублик, Юлия Путинцева, Елена Рыбакина, Александр Шевченко және Анна Данилина да бақ сынайды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

