Уимблдон: Александр Бублик ширек финалға өте алмады
Әлемдік рейтингте 26-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Бублик Уимблдонның ширек финалына шыға алмады. 1/8 финалда ол әлемнің жетінші ракеткасы ресейлік Андрей Рублевке есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ойынның тартысты өткені соншалық, матч бес сетке созылды. Бірақ нәтижесінде Рублевтің жолы болды - 7:5, 6:3, 6:7 (6:8), 6:7 (5:7), 6:4.
Жеке кездесулер бойынша Рублев 4:2 есебімен алда тұр. ATP турнирлерінің арасында ол Кремль кубогына (2019), Венада (2019), Роттердамда (2020) және Уимблдонда (2023) жеңді.
Қазақстандық Рублевтен Кремль-2016 кубогының іріктеу кезеңінде, сондай-ақ жақында өткен ATP 500 турнирінің финалында - Галледе басым түсті.
Рублевтің келесі қарсыласы Губерт Гурка (Польша) - Новак Джокович (Сербия) матчының жеңімпазы болады.