UFC-ден шығып қалған Жалғас Жұмағұловтың қарсыласы ауысты
20.11.2023 18:03
Фото:
instagram/zhumagulov_zhalgas
Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов Naiza 55 турниріндегі жаңа қарсыласының есімін білді. Бұл туралы лиганың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.
Бастапқыда UFC-дің бұрынғы қатысушысы шоу аясында бразилиялық Яго Рибейромен төбелесуі керек еді. Алайда оның қарсыласы көзіне операция жасатып, енді оның орнын жапон Масато Накамура басады.
Накамура өзінің айқастарының басым бөлігін Жапониядағы DEEP лигасында өткізген. 2023 жылы ол үш кездесу өткізіп, соның барлығында жеңіске жетсе, екеуін мерзімінен бұрын аяқтады.
Естеріңізге сала кетейік, Жұмағұлов UFC-де жеті жекпе-жек өткізіп, соның біреуінде ғана жеңіске жетсе, қалғанының барлығында қарсыласына жол берген. Сол үшін де ұйым онымен келісімшартты ұзартқан жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

