UFC: Дамир Ысмағұлов грузиялық Гурам Кутателадземен жекпе-жекке шығады
18.06.2022 11:57
UFC-де QAZAQ лақап атымен өнер көрсететін қазақ файтері Дамир Ысмағұлов (23-1) келесі жекпе-жегі алдындағы салмақ өлшеуден сәтті өтіп, қарсыласымен көз арбасты, деп хабарлайды El.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Салмақ өлшеу нәтижесінде, Дамир таразыда 73.3 кг көрсетсе, қарсыласының салмағы 70.5 кг болды.
Айта кетейік, Дамир 19 маусым күні АҚШ-ның Техас штатындағы Moody Center аренасында өтетін UFC on ESPN 37 аясында грузиялық Гурам Кутателадземен (12-2) жекпе-жекке шығады. Кештің басты жекпе-жегінде америкалық файтерлер Келвин Каттар (23-5) мен Джош Эмметт (17-2) айқасады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

