instagram.com/ufceurasia

UFC: Бекзат Алмахан Александр Топуриямен жекпе-жекке шығады

Қазақстандық UFC жауынгері Бекзат Алмахан (12-2) 22 қараша күні Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night турнирінде испаниялық файтер Александр Топуриямен (6-1) кездеседі. Бұл туралы UFC Eurasia-ға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Жекпе-жек UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесінде өтеді.

Алмахан өзінің соңғы кездесуін биыл мамыр айында Канададағы Монреаль қаласында ұйымдастырылған UFC 315 турнирінде өткізіп, бірінші раундта жергілікті фаворит Брэд Катонаны (14-5) нокаутқа жіберген болатын.

Александр Топурия соңғы рет 2025 жылғы 22 ақпанда Аустралияның Сидней қаласында өткен UFC 312 турнирінде октагонға шығып, жергілікті спортшы Колби Тикнестен айласын асырған.

Айта кетейік, Александр – жеңіл салмақтағы UFC чемпионы әрі P4P рейтингінің көшбасшысы Илия Топурияның туған бауыры.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от UFC Eurasia (@ufceurasia)