Жаңалықтар

UFC басшысы Шавкат Рахмоновқа жауап берді

UFC басшысы Шавкат Рахмоновқа жауап берді
Фото: Видеодан алынған кадр 18.11.2024 00:26 12169

UFC басшысы Дана Уайт қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқаста титулдың неліктен сарапқа салынбайтынын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Уайттың сөзіне қарағанда, Белал Мухаммад көп ұзамай-ақ октагонға оралады. Сонымен қатар ол Рахмонов (18-0) пен Гэрри (15-0) жекпе-жегін жартылай орта салмақтағы үздік айқастардың бірі болатынына сенімді.

Белал көп ұзамай оралады. Сондықтан бұл айқас – нөмір бірінші үміткер атағы үшін талас. Бұл екі жігіт үшін де жақсы мүмкіндік, екеуі бес раундтық айқас өткізіп, сонан соң Белалмен кездеседі.

Бұл жеңілмеген жігіттердің төбелесі. Болашағынан зор үміт күттіретін екі жауынгер қай үміткер мықты екенін өзара анықтайды, - деді Уайт.

Дана Шавкаттың пікіріне қатысты да ойын білдірді. Бұған дейін Рахмонов өз дивизионынан көңілі қалғанын айтқан.

Барлық жігіттердің менен көңілі қалып жатады. Солардың ішінде Крис Уайдман (ол аренаға келген кезде қарсыласының денсаулығына байланысты жекпе-жекке қатыса алмайтынын білген) ғаламдағы көңілі ең қатты қалған адам болса керек. Бұл спорт, сондықтан түрлі жағдайлар болады, - деп жауап берді Дана.

Айта кетейік, UFC 310 турнирі 8 желтоқсан күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға