Жаңалықтар

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы үшін өтінім қабылдау басталды
Фото: ©Pixabay.com 01.07.2024 15:20 280

Бүгін Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы алу үшін, жыл сайын өтетін конкурсқа өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, конкурстың мақсаты – ҮЕҰ әлеуетін нығайтуға және қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыру үшін, олардың мотивациясын арттыруға бағытталған маңызды институционалдық қолдау көрсету.

Сыйлық 16 әлеуметтік маңызды бағыт бойынша беріледі, ал бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК құрайды.

Айта кетейік, соңғы 7 жылда 420 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлесін қосып, осы беделді марапатқа ие болды.

Қоғам өміріне белсенді араласатын, өз саласында  көшбасшы атанған, әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосуға ниетті және инновациялық идеяларды іске асыра алатын ұйымдар конкурсқа қатысуға өтінім бере алады. Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 2 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 18:30-да аяқталады.

Қатысу шарттары туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/685056?lang=kk

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады: +7 (7172) 74-09-97, 74-13-41, 74-02-17.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға