Жаңалықтар

ҰЭМ теңгенің девальвациясына қатысты пікір білдірді

ҰЭМ теңгенің девальвациясына қатысты пікір білдірді
Фото: ©El.kz/Нұркен Алишев 10.10.2024 12:20 2203

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов теңге девальвациясының тәуекелдері туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, бұған ешқандай негіз жоқ.

Біздің экспортымыздың қандай деңгейде екенін көріп отырсыздар. Биыл экспорт былтырға қарағанда әлдеқайда жоғары. Импорт түсіп кетті. Бізде қазір сауда тепе-теңдігі бар. Сондықтан бізде девальвацияға еш себеп жоқ, - деді вице-министр.

Шенеуніктің сөзінше, Қазақстанның ұлттық валютасы тұрақты.

Оған әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Өзге валюталар секілді ол да елдің экспорт-импортына тікелей байланысты болады. Соның салдарынан курс өзгеруі мүмкін. Валютаның тұрақтылығын өздеріңіз көріп отырсыздар. Ұлттық валютада депозиттердің кірістілігі, инфляцияны ескере отырып, шетел валютасына қарағанда әлдеқайда көп екенін де көріп отырсыздар. Жеке өзім ұлттық валютаның тұрақтылығына сенемін. Өз басым ұлттық валютаның жанкүйерімін. Ол тұрақты. Соңғы жылдардың динамикасы бұған дәлел, - деп түйіндеді сөзін ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға