УЕФА Чемпиондар лигасы: "Қайрат" словакиялық команданы ұтты
06.08.2025 22:29
Фото:
Футбол федерациясы
«Қайрат» УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында словакиялық «Слованды» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жеңіс голын ұлттық құраманың шабуылшысы Дастан Сәтпаев 90-минутта пенальтиден соқты.
Матч Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Қарымта кездесу 12 тамыз күні Братиславада өтеді.

