Жаңалықтар

Әуе қорғанысы күштерінің сержанттары кәсіби шеберліктерін жетілдіріліп жатыр

Сабақты тәжірибесі мол, білікті мамандар жүргізеді
Әуе қорғанысы күштерінің сержанттары кәсіби шеберліктерін жетілдіріліп жатыр
Фото: gov.kz 25.07.2022 18:15 1923

Жетіген гарнизонында еліміздің Әуе қорғанысы күштері,  Ұлттық қауіпсіздік комитеті 
және Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің сержанттар құрамы курстық даярлықтан өтіп
жатыр, – деп хабарлайды El.kz. 

Курстық даярлық Әуе қорғанысы күштерінің кіші мамандарын даярлайтын бірегей оқу-жаттығу орталығында ұйымдастырылып отыр. Бұл жерде келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді инженерлік-авиациялық қызмет, ұшуды қамтамасыз ету құралдарын пайдалану және жөндеу, байланыс және радиотехника мамандықтарына оқытады. 

Курстық даярлықтың мақсаты – әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттырып, практикалық дағдыларын жетілдіру және дене даярлығын жақсарту. 

–  Оқу процесі Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің кіші мамандарын даярлайтын екі мектепте 15 мамандық бойынша өткізіледі. Оқу ұзақтығы бір жарым ай, – дейді  қызмет бастығы – оқу-әдістемелік бөлімнің оқытушысы подполковник Самғат Күшқалиев.   

Оқу-жаттығу орталығында жаттықтыру кешендері, зертханалық-оқу сыныптары, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің ұшу аппараттары мен техникаларының модельдері бар. Мамандығы бойынша практикалық дағдыларды пысықтауға мүмкіндік беретін тиісті материалдық-техникалық базамен жабдықталған.

Сабақты тәжірибесі мол, білікті мамандар жүргізеді. Осы жылдар ішінде орталық үш мыңнан астам кіші буын мамандарын даярлап шығарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға