Жаңалықтар

ҰБТ тапсырмай-ақ қанша сарбаз грантпен оқуға түсе алады?

ҰБТ тапсырмай-ақ қанша сарбаз грантпен оқуға түсе алады?
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 15.06.2023 11:40 985

Мәжіліс комитетінің отырысында қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов әскери қызмет кезінде жоғары нәтиже көрсеткен сарбаз емтихан тапсырмай оқуға түсе алатындығын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде бұл бастаманы 70-ден астам оқу орны қолдаған. Оқу орындарымен осы санаттағы сарбаздарға білім алуда 100 пайыз жеңілдік беру бойынша келісімге қол қойылып, оған 3 мыңнан астам орын бөлінген.

 Әр сарбаз мамандық бойынша 3 оқу орнын таңдайды. Әскери оқу орнына түсуге ниет білдірген сарбаз оның атауын және қалаған мамандығын көрсетеді. Сарбаздар арасында оқу орны есебінен білім алу үшін конкурстық іріктеу ашық өту үшін "сарбаз 2.0" цифрлық платформа енгізілді, – дейді қорғаныс министрінің орынбасары. 

Сондай-ақ, жоғары басқару орган әскери білімді жоспарлы тексереді және сарбаздарды қосымша бақылауға алады. 

Бұдан бөлек басшылықтың нұсқауы бойынша білім тексеріліп, онда міндетті түрде сарбазбен кездесу өткізіледі. Әскери оқу орынға түсуге 7 пайыз сарбаз өтінім білдірді, – деді Сұлтан Қамалетдинов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға