Жаңалықтар

ҰБТ-ның аралық нәтижесі. Екі талапкер 133 балл жинады

ҰБТ-ның аралық нәтижесі. Екі талапкер 133 балл жинады
Фото: gov.kz 26.05.2023 02:30 836

Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері 20 мыңға жуық талапкер тестілеуден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Екі үміткер максималды 140 балдың 133-сін жинады. Естеріңізге сала кетейік, бас емтихан 18 мамырда басталды және 5 шілдеге дейін жалғасады.

ҰБТ-ның алғашқы 5 күнінде Шығыс-Қазақстан облысы және Алматыда екі талапкер ең жоғары нәтиже көрсетті. Олар тестілеуде жалпы 140 балдың 133-ін жинады.

Естеріңізге сала кетсек, тестілеу форматында өзгерістер жоқ. Пәндер саны өзгеріссіз қалады, яғни үш міндетті және екі бейіндік пәндер, барлығы 120 тест тапсырмасы. Оның ішінде, Қазақстан тарихы – 20, оқу сауаттылығы – 15, математикалық сауаттылық – 15 және екі бейіндік пән бойынша 35 тест тапсырмасы ұсынылады. Ең жоғары ұпай – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут).

Шекті балл өзгерген жоқ: «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары үшін кемінде 75 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» кемінде 60 балл; ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл, басқа жоғары оқу орындарына кемінде 50 балл жинау керек.

Талапкерлердің ыңғайы үшін ҰБТ-ның күнін, уақытын, орны мен бейіндік пәндерін еске салатын SMS жолданады. Хабарлама ҰБТ-ға қатысушылардың өздеріне, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған тестіленушілердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жіберіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға