gov.kz

ҰБТ-ны тапсыру 7 шілдеге дейін жалғасады

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов 16 мамырдан бастап 46 өңірлік орталықтарда жоғары оқу орындарына үміткер талапкерлер үшін ҰБТ өткізілуде екенін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің айтуынша, ҰБТ 7 шілдеге дейін жалғасады.

Өңірлік тестілеу орталықтары 46 елді мекенде орналасқан және тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілеген. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды. Талапкерлерге осы аралықта ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатысу мүмкіндігі берілген. 2025 жылы 217 мыңға жуық талапкер оқуды бітіреді, оның ішінде 183 мыңы ҰБТ-ға тіркелді, – деді ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов.

Айта кетейік, былтырғы жылмен салыстырғанда тестіленушілердің саны 30 мыңға артқан.