ҰБТ-ға дайындық сабақтарын онлайн көруге болады
EL.KZ Информационно-познавательный портал
26.12.2022 18:00
Фото:
egemen.kz
Ұлттық тестілеу орталығы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға арналған тегін онлайн сабақтар кестесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Онлайн сабақтарды республиканың үздік білім беру орталықтары жүргізеді. Сабақтар білім беру орталықтарының жеке YouTube арнасында өтеді.
Онлайн сабақтар кестесі:
27 желтоқсан:
- Сағат 14.30. Химия пәні (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Daryn Online, Інжу Қуаныш.
- Сағат 16.00. Ағылшын тілі (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Daryn Online, Гүлмира Маматова.
- Сағат 16.00. Ағылшын тілі (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Educon & Dostyq, Азат Кәрібозов.
- Сағат 20.00. Қазақ тілі (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Qazbilim, Сәрсенбек Бақытұлы.
28 желтоқсан:
- Сағат 20.30. Математика (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Joo.kz, Темірлан Марксов.
- Сағат 21.00. Қазақстан тарихы (қазақ тілі сыныбы). Білім беру орталығы мен педагог: Тарих мектебі, Оразбек Әбсаттар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

