Жаңалықтар

ҰБТ ережесін бұзған 175 талапкер аудиториядан шығарылды

ҰБТ ережесін бұзған 175 талапкер аудиториядан шығарылды
Фото: El.kz 18.06.2023 03:05 716

Биылғы негізгі ҰБТ-ның төртінші аптасы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 169 мыңнан астам рет тест тапсырылды.

Оның ішінде:

Талапкерлердің 74% - ы қазақ тілінде, 26% - ы орыс тілінде, 0,1% ағылшын тілінде тестілеуден өтті;

шекті балды 77% - дан астам талапкер жинады;

орташа балл – 69 балл;

ерекше білім беру қажеттілігі бар 485 бала қатысты;

ең жоғары балл – 137.

Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тестілеуден өту мүмкіндігінен 229 талапкер айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 175 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды, - делінген Ұлттық тестілеу орталығы таратқан хабарламада.

Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Естеріңізге сала кетейік, талапкерлер ҰБТ аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат апелляцияның шешімінен кейін тестіленушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға