Жаңалықтар

ҰБТ-дан төмен көрсеткіш көрсеткен мектептерге қандай шара қолданылады? Министр жауап берді

ҰБТ-дан төмен көрсеткіш көрсеткен мектептерге қандай шара қолданылады? Министр жауап берді
Фото: ©El.kz/Амангүл Тілейқызы 06.08.2024 11:41 495

Үкімет отырысының баспасаөз мәслихатында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҰБТ-дан төмен көрсеткіш көрсеткен мектептерге қатысты қандай шара қабылданатынын айтты, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері жақында ғана аяқталғанын және бұған тиісті сараптама жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

Ұлттық тестілеу орталығынан бізге тиісті нәтиже әрбір аймақ бойынша келгеннен кейін бұл өңірлерде өздерінің деңгейінде қай мектептерде қандай жұмыс жүргізу қажеттілігі бойынша жұмыстар басталып кетті. Бірақ бұл жазалау немесе рейтинг арқылы рейтинг қою мәселесі емес, тиісінше балалардың білімін көтеруге бағытталған жұмыстарды дағдылауға қатысты себеп болуы тиіс деп есептейміз, – деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, биыл 11 мыңнан астам бала ҰБТ тапсырған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға