Жаңалықтар

ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек қайда білім алатынын айтты

ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек қайда білім алатынын айтты
Фото: әлеуметтік желі 12.07.2024 09:43 701

Бұл туралы білім саласындағы сарапшы Омарбек Көшкімбайұлы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Мектеп бітіруші түлектердің грантқа түсуіне жол көрсетуші маман Ерасылмен кездесіп, оған өмірде қажет ақыл-кеңестерін айтқан.

Ал ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек шетелде оқитын ниеті бар екенін айтты.

Ерасыл шетелге барайын деп жатыр. Ерасыл, айналайын, саған сәттілік тілеймін. Қайда жүрсең де, аман бол. Ең бастысы, біздің осы қазақтың тәрбиесін, құндылығын ұмытпа. Бұйырса, төрт-бес жылдан кейін жақсы маман болып, еліңе қайтып келуіңе тілектеспін, - деді Омарбек Көшкімбайұлы.

Еске салайық, бұған дейін Ерасыл Уәлиев Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 1 балл жинағанын хабарлаған едік. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға