Жаңалықтар

Уақыт белдеуінің өзгеруі электр энергиясына қаншалықты әсер етті

Уақыт белдеуінің өзгеруі электр энергиясына қаншалықты әсер етті
Фото: t.me/KZgovernment 28.05.2024 14:30 1574

Үкімет отырысының баспасөз брифингінде энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтан тілшілер бірыңғай уақыт белдеуінің өзгеруі электр энергиясына қаншалықты әсер етіп жатқанын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, бүгінгі таңда Үкіметтің өзіндік генерацияны дамыту бойынша жүйелі бағдарламасы бар. Десе де, шетелден электр энергиясын сатып алумен байланысты біраз қиындық бар көрінеді.

Бүгінде уақыт дифференциациясына байланысты электр энергиясы қымбат. Алайда біз генерация объектілерінің жеткілікті үлкен көлемінің құрылысы басталғанын түсінуіміз керек. Осы арқылы негізгі жүктеме тапшылығы жабылады, - дейді Сәтқалиев

Министр уақыт белдеуінің өзгеруіне қатысты KEGOC ресми түсініктеме бергенін атап өтті. Десе де, уақыт белдеуіне байланысты электр энергиясының жұмсалуы жағынан өсім барын жасырмады. Бірақ бұл жалпы тұтынудың жүзден бір бөлігінен аз екенін жеткізді.

Айта кетейік, еліміз бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен бері қоғам арасында бұл уақыттың қолайсыз екені жиі айтылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға