Жаңалықтар

Уақыт талабына бейімделе білейік

Жолдау 2016
30.06.2016 12:13 4720

Соңғы кезде өзіміз үлгі тұтатын дүниежүзінің көптеген елдерінде дағдарыс, жұмыссыздық белең алып жатыр. Осындай жағдайдан Қазақстан қалай шығу керек?  Бұл сұраққа жауапты Елбасы биылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында  айтты.

Уақыт талабына бейімделе білейік

Жолдауда «Заманның беталысын өздеріңіз көріп отырсыздар. Аса күрделі, қиын кезеңге аяқ бастық. Жаңа қатерлері мен тың мүмкіндіктері қатар өрбіген жаһандық ахуал біздің көз алдымызда өзгеруде. Алпауыт елдердің текетіресі мен өзара санк-циялар алмасу дүниені тұйыққа қарай бастауда. Біздің басты  экспорттық өнімдеріміздің дүние-жүзілік нарықтағы бағасы еселеп құлдырады. Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз», –  дей келе, Елбасы әлемде орын алған экономикалық дағдарыс кезінде елдің  даму бағытын айқындап,  жедел шешілуге тиіс міндеттерді алдын ала белгіледі, бірлесіп жұмыс жасау қажеттігін баса айт-ты. Бұл Жолдау сонысымен маңызды. Ұлт Көшбасшысының саясатын аудан халқы да қызу қолдауда. Сонау 90-шы жылдарды еске алсақ, еліміз дәл сол қиын-қыстау кезде тайсалмай дағдарысты бастан өткерді. Сондықтан да Мемлекет басшысының халыққа жолдаған жаңа стратегиялық бағдарламасы елімізді бүгінгі жағдайдан да алып шығатынына сенімдімін. Бұл жөнінде Елбасы: «Сәт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету! Біз бұл мақсатымызға міндетті түрде жетеміз», – деді. Жолдауда экономикалық, әлеуметтік, басқа да маңызды мәселелер мен оны орындау тетіктері  де  жан-жақты қозғалған. Елбасы: «Экономикалық тәуекелдерге, жалпы ештеңеге де қарамастан, біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастырамыз», – деді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бас-тап денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау салалары  мен  «Б» корпусындағы мемлекеттік  қызметкерлердің жалақылары өспек. Алдағы жылы мүгедектігі мен асыраушысынан айырылуға байланысты әлеуметтік жәрдемақылар да өседі. Азаматтарды әлеуметтік қолдау-ды кеңейту мақсатында Үкіметке еңбекпен қамтудың жаңа Жол картасын жасау тапсырылды. Жаһандық  тұрақсыздыққа қа-рамастан, әлеуметтік қолдау шараларының жалғастырылуы болашаққа үлкен сенім туғызады. Мемлекет басшысы материалдық жағдайы жақсы  азаматтарды  жекешелендірудің  жаңа легіне белсене қатысуға, қазіргідей қиын кезеңде елдің мүддесіне қарай жұмыс істеуге шақырды. Жолдауда жастарға қатысты айтылған мәселелер, әсіресе 2017 жылдан бастап кәсіптік-техникалық мамандықтарға тегін оқыту мәселесі қарапайым ауыл тұрғындарының көңілінен шығатыны сөзсіз. Шыны керек, мектеп бітірген түлектердің ішінде ақылы оқуға мүмкіндіктері келмеген жастарымыз назардан тыс қалып жатады. Жұмыс көзі тапшы біздің ауданда оларға жұмыс табылмайтыны  белгілі. Сондықтан, оларды жұмыс таба алатын дәрежедегі кәсіптік біліммен қамту уақыт талабы еді. Елбасы Жолдауда әлемдегі 30 елдің қатарында болу үшін 5 халықтық реформаны жүзеге асыратын «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау үшін дағдарысқа қарсы құрылымдық жаңарудың 5  бағыты  бойынша  жұ-мыс  жасауды  тапсырды. Сан алуан тарих пен тағдыр-тартысты басынан кешірген қазақ     халқы үшін ел болудың міндеті зор.

«Қазақстан халқына Жол-дауымдағы барлық міндеттерді жүзеге асыруда мен «Нұр Отан» партиясына ерекше мән беремін. Жолдау барлық партия мүшесі үшін іс-қимыл негізі және таяудағы жылдарға ар-налған бағдарлама болуы тиіс», – деген Елбасының сөзі нұротандық  депутаттарға тың серпіліс берді.

Сөз соңында, ол барша қазақстандықтарды қиындықты бірлесе жеңу үшін ысырапшылдыққа жол бермей, ширақ қимылдауға, ұқыптылық пен үнемділікке, сол арқылы елдің өркендеуіне үлес қосуға шақырды. Осы орайда, біздің аудан халқы да азаттығымыз баянды, елдігіміз мәңгілік болу үшін   тынымсыз еңбек етіп, әр отбасы елдегі бейбітшілікті, береке-бірлікті мықтап ұстасақ, тәуелсіздігіміз баянды болары анық.


Толқын Бейсқали,

аудандық мәслихат хатшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға