Жаңалықтар

Қуғын-сүргін құрбандары ешқашан ұмытылмайды

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
Қуғын-сүргін құрбандары ешқашан ұмытылмайды
31.05.2020 11:10 17069

Қыр қазағының күнкөрісі малмен байланысты болған еді. Бүтіндей бір ұлттың көзін жоюды көздегендер ең әуелі оның малын алды. «Аша тұяқ қалмасын» деген солақай саясаттың салдарынан кейбір деректерге қарағанда, 1928 жылы Қазақстанда 40 млн бас малдан 1933 жылы оның тек 4 млн-ы ғана қалған.

Бұл саясаттың салдарын ғана емес, себебін де анық түсінген Алаш зиялылары бас қосып, империяға қарсы шықты. Олардың барлығы дерлік қудалауға ұшырап, атылды, айдалды. "Халық жаулары" деп жала жабылған арыстардың есімін халқы өз жадында мәңгілік сақтап, олардың ел тәуелсіздігі жолындағы ерлігін ұмытқан емес.

Көктемнің соңғы айы мамырдың 31-ші жұлдызы күллі қазақ елі аза тұтады. Бұл күннің қазақ күнтізбесіне ресми енгеніне 23 жыл. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған «Қазақстан: тарихи тағылым саясаты» атты халықаралық онлайн конференцияда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев былай деген еді:

– 31 мамыр біз үшін айрықша мәнге ие. Нәубет құрбандарын еске алатын күн. Бұл зобалаң халқымыздың жанына жазылмас жара салды. Сол үшін Тұңғыш Прездиент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев егемендіктің алғашқы жылдарынан осы зұлматтың құрбандарын мәңгі есте сақтап, рухына тағзым етуге зор мән берді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та осы ұстанымды жалғастырып келеді. Бұл өткен ғасырда ұлтымызға төнген нәубет құрбандарын еске алу, солақай саясат зарбадынан сабақ алу қажеттілігін тағы бір мәрте еске салады. Бұл зобалаң ұлтымыздың жанынан жазылмас жара салды, - деді Дәурен Әскербекұлы.

TEMA4444.jpg

Сол заманда саны алты миллионға жеткен қазақ халқын бір шоғыр арыс алға сүйреді. «Қазақ», «Айқап» басылымдарының төңірегіне жиналған қазақ интеллигенциялары халықтың ұлт болу үшін алғашқы шарт - тілін сақтау деген қағиданы берік ұстанғаны мәлім. Алаш зиялылары Тіл туралы заңның негізін қалап, көпшілік жұртқа рухани білім мен тәрбие беруге жұмылдырылды. Оған 1909 жылы қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдер топтамасы, Ахмет Байтұрсынұлының өмірлік тәрбиеге ие мысалдары, Міржақып Дулаттың «Оян, қазақ!» атты еңбектері дәлел бола алады.

Ассамблея өткізген бұл алғашқы онлайн конференцияға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының мүшесі әрі заң ғылымдарының докторы Нұрлан Дулатбеков те қатысқан болатын.

–Қайырлы күн қымбатты әріптестер мен қатысушылар. Мені бүгінгі онлайн-конференцияға қатысуға шақырғанына ризашылығымды білдіремін. Осы конференция барысында талқыланатын тақырып бәріміз үшін, әсіресе, өскелең жас ұрпақ үшін өте маңызды деп есептеймін. Осы орайда негізгі үш мәселеге жеке тоқталып өткім келіп отыр. Біріншіден, елімізде 1997 жылдан бастап 31 мамыр жалпыұлттық келісім мен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып келе жатқаны бәрімізге мәлім. Кейірінек, нақтырақ айтсақ, 2011 жылы бұл Жарлыққа қосымша маңызды өзгерістер енгізілген болатын. Содан бері 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып өзгертілді. Екіншіден, қазіргі кезде Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандық бірлік моделін құру және іске асыру бағытында көптеген шараларды атқарып келеді. Сонымен қатар, ұлттық саясатты жүзеге асыру, ұлттық саяси біртұтастықты қамтамасыз ету - Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеті болып табылады. Үшіншіден, Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-ші сессиясында сөйлеген сөзінде Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев барша қауымды объективтілікке шақырғаны естеріңізде шығар. Расында, сананы жаңғырту – халықтың кешегісі, бүгіні мен болашағының көкжиегін байланыстыратын тұғырнама. Рухани миссия – бұл ұлттық сананың әртүрлі полюстерінде сынап көру", - деді.

TEMA4470.jpg

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам! Қараңғылықтың көгіне, Күн болмағанда, кім болам» деген Сұлтанмахмұт Торайығыровтың осы өлеңінен кейін ойланбайтын қазақ жоқ шығар, сірә... Бірақ та дәл осындай қара түнекте жатқан қазақ халқын ояту мақсатында көптеген істер тыңдырған Алаш зиялылары жаппай қуғын-сүргін құрбандарына айналды.

Халықаралық конференция барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми академияның мүшесі, КарЛАГ ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Нұрлан Орынбасарұлы қазіргі күнге дейін атқарылған жұмыстарды жан-жақты таныстырды. Оның айтуынша, бүгінде қазақ елінің тарихында болған нәубет жылдарындағы «Карлагта» болған мәдениет қайраткерлері жайында еңбектің аудармасы аяқталып қалған. Сонымен қатар, қазақ жұрты бастан кешірген осы тарихи трагедияны қазіргі жастарға көбірек насихаттау жайын да тілге тиек етті.

–Осы жобамыз жайында кішігірім айтып өтсек. Он төрт жылдан астам уақыт аралығында қарағандылық бір топ ғалымдар Кеңес халқының өміріндегі әр түрлі кезеңдердің бірін зерттеумен шұғылданады. Бір айта кетерлігі, жұмысты бастаған уақытта біздің зерттеу нысанына айналған бағыттарымыз қоғамда қаншалықты резонанс тудыратынын елестете алмадық. Бүгінгі жастар өздерінің ата-бабаларының бұрындары бастан өткерген жағдайлары жайында кемшін біледі. Сол себепті осы бағытта зерттеу жұмыстарды тереңдете түсу қажет деп ойлаймын.

48173420e242437a3a9869f7d23d916d.jpg

Нұрлан Орынбасарұлы осы тақырыпты жан-жақты зерттей отырып, «КарЛаг» жобасындағы арнайы миссиямызды анықтадық дейді. Бұл – лагердегі тұтқындардың өздерінің қатал кезеңді бастан өткергендеріне қарамастан, өмір сүруді әрі сүюді және өз қайраткерлігін тоқтатпауы. Олар ертеңгі күнге сенімдерін жоғалтпады және елі үшін атқарған игі істері арқылы келешек ұрпақтың есіңде мәңгі қалды.

–Жаңа ұрпақтар аталары мен әкелерінің Отаны үшін тәу етер тәуелсіздікке жету үшін бастан кешкен зұлматты жылдарды біліп жүруі қажет. Оған қоса, көптеген қиыншылықты көре отырып мақсатқа жеткенін есте ұстағандары абзал. Бұдан былай, тарих беттерінде мұндай қиын жылдардың болмауы үшін әрекет еткені жөн. Осы зерттеу шараларын жүргізу барысында біздің жұмыс формаларымыздың аумағы кеңейе түсті. Біз осы тақырыптың төңірегінде көптеген конференциялар өткізіп тұрамыз. Оған қазақстандық және шетелдік зерттеуші-ғалымдарды шақырамыз. Жалпы, мұндай конференциялар тек біздің елде ғана емес, әлемнің басқа мемлекеттерінде де ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қоса, барша жұрт хабардар болуы үшін түсірілетін деректі фильмдер мен театр сахналарында қойылатын спектакльдерге де өз тарапымыздан барлық көмектерді ұсынып тұрамыз, - дейді Нұрлан Орынбасарұлы.

Бұл жобаға мүше ғалымдар осы күнге дейін көптеген зерттеулерді жүргізіп келеді. Олар атқарған жұмыс барысында КарЛАГ-та қырықтан аса үйлерді анықтаған. Ал зерттеуші ғалымдар бастапқыда олардың саны небәрі 15 болар деп ойлаған.

Нұрлан Орынбасарұлы еліміздегі жапон әскери тұтқындарын жан-жақты зерттеген ғалым ретінде көпшілікке мәлім. ҚР ҰҒА мүшесі осы бағытта ауқымды кітап та жазған болатын. Оның сұрапыл соғыс кезінде қазақ даласында тұтқында болған жапондық Ахико Тецуроның өмірі жайында жан-жақты баяндалатын «Ақтастан шыққан Ахико» атты қойылымының қойылуына мұрындық болған еді. Бұл спектакльдің премьерасы Қарағандыдағы Константин Станиславский атындағы театрда өткен. Ахико есімді азамат екінші дүниежүзілік соғыстан соң КарЛАГ-та болған. Кейін бостандыққа шыққанда сол лагерь аумағында өмір сүруге қалған.

67a2f87a715561d4a5329a003fc21eb7.jpg

Қазақ жерінде тұтқында болған азамат жайындағы бұл туындыны авторлары кезіндегі қуғын-сүргін құрбандары мен тұтқындары тақырыбы өскелең ұрпақ үшін өте маңызды дүние екендігін айтады. Тұтқыннан босаған соң, жақындарымен қауышуға Отанына яғни Жапония еліне барған Ахико Тецуро көп кешікпей кері Қазақстанға қайта оралып, осында қалған болатын.

Оның тағдыры да жазықсыз сотталып, лагерьлерге айдалған ондаған азаматтың тағдырымен бірдей. Жапон еліндегі әскери училищеде білім алып жүрген он жеті жастағы оны соғыс кезінде совет армиясы тұтқындайды. Кейін еліміздің Қарағанды өңіріндегі «Карлагқа» жіберген.

"Жыл сайын біз Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған экскурсиялар ұйымдастырып тұрамыз. Біздің бұл волонтерлік бағытындағы жұмысымызды шамамен бес мыңнан аса адам жүзеге асырды. Біз жақында халықаралық деңгейде Карлаг тақырыбына қатысты жастар шығармашылығының байқауын өткіздік. Сол сайыс жеңімпаздарының бірі Якутск қаласындағы П.Соловьев атындағы Рыбин мемлекеттік авиациялық техникалық университетінің үшінші курс студеті Никита Резонсов болды. Осы жеңімпазымыздың атасы бір кездері Карлаг тұтқыны болған және осы жерде жерленген. Біз Никитаны карантин аяқталған бетте Қазақстанға шақыратын боламыз. Осы жоба аясындағы маңызды материалдың әлемнің әртүрлі елдерінде ұсынылғанын қалаймыз. Сонымен қатар, біз баспадан басылып шыққан кітаптарды ақысыз әрі қайтарымсыз көптеген елдердің кітапханаларына жібереміз. Ол кітаптар қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне шығарылады. Сондай-ақ, олардың кейбіреулері неміс, украин, жапон, румын тілдеріне де аударылады, - деген Н.Дулатбеков осы тақырыпты зерттеу кезінде БАҚ өкілдерімен, қоғамдық белсенділермен бірлесе жұмыс істегенін айтады. Олардың тарапынан біраз пікірлер ұсынылған. «Біз зерттеу кезінде оның сапасына және болған оқиғалардың әсіресе соңғы уақытта өте жиі көтеріліп жүрген Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары мәселелерін реттеп, зерттеп, оның ғылым саласына қосылуына әрқашан ықпал етуіміз қажет», - деді Нұрлан Орынбасарұлы.

– Жалпы бұл бір күнмен ғана шектелетін іс-шаралар емес. Яғни тек қана 31 мамыр күні емес, біз жыл бойы бұл тақырыпты көтеріп, оны жан-жақты зерделей түсуге міндетіміз деп есептейміз. Осы сәтті пайдалана отырып, барлық жолдастарға өзімнің шексіз алғысымды білдіргім келеді. Олардың қатары көп болғандықтан есімдерін түгел айтып шығу әсте мүмкін емес. Мен бұл шараға осымен он бірінші рет қатысып жатырмын. Осы конференцияға қатысқан барша әріптестерім мен қатысушылардың атқарып жатқан жұмыстарына жемісті еңбек тілеймін, - деп сөзін түйіндеді Нұрлан Орынбасарұлы.

Бірнеше сағатқа созылған отырысқа қазақстандық және шетелдік мамандар қатысты. Олардың қатарында Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің президенті, Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Ефим Иосифович Пивовар, сценарист, режиссер, «АЛЖИР» тұтқыны Лидия Френкельдің немересі Дарья Виолина, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Джамиля Юсупжановна Абдукадырова және т.б. бар. Олар өткенді есте сақтау арқылы болашақты бағамдау, Қазақстан Республикасының Архивінің қазақстандықтардың өткенін сақтап, тарихи санасын қалыптастырудағы қызметі жайында ой өрбітті.

TEMA4415.jpg

Сондай-ақ, конференция жұмыстары жекелеген секциялар бойынша да өткізілді. Олардың ішінде «Жер аудару. Репрессия. Естелік.» тақырыбындағы алғашқы секциясы бойынша Қазақстан Республикасы Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Болат Бауыржанұлы Мажағұлов «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін туралы архив деректері» турасында баяндама жасады. Одан кейін РҒА ғылыми орталығының гуманитарлық зерттеулер институтының өкілі Светлана Исмаиловна Аккиева, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының докторы, ХАА академигі, ҚХА мүшесі Наталья Павловна Калашникова «Историческая память о депортации в Казахстане: по материалам устных историй балкарцев» атты тақырып бойынша, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Ғелманұлы Аяған «Консолидирующие проекты АНК: общность истории и памяти, Мəскеу мемлекеттік психологиялық-педагогикалық университетінің магистратура жетекшісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Ольга Сергеевна Павлова «КарЛАГ: поиск продолжается», «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені экскурсия-көрме бөлімінің ғылыми қызметкері Анар Нұртасқызы Хасенова «АЛЖИР» Мұражай-мемориалдық кешені 30-50 жылдардың жаппай құрбандарының ерекше ескерткіші», С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, ҚХА кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Сəуле Насенқызы Мамытова «Павлодардағы Ертіс өңіріне арнайы қоныс аударған поляктар: қуғын-сүргінге ұшыраған халықтың қасіреті», М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалының əлеуметтік-гуманитарлық пəндер кафедрасының профессоры, Шешенстан Республикасы Ғылым Академиясының Құрметті академигі, Орыс Географиялық қоғамының толық мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жарас Акишұлы Ермекбаев, «АЛЖИР» мұражай-мемориалдық кешені экскурсия-көрме бөлімінің ғылыми қызметкері Анар Нұртасқызы Хасенова «Қазақстандағы Солтүстік Кавказ халықтары», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ҚХА институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Жанна Үркімбайқызы Қыдыралина «Қазақстанға жер аударылған халықтардың құқықтық жағдайы жəне еңбегін пайдалану» (ХХ ғ. 30-50 жж.), І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, магистрі Олжас Ғабитұлы Тұрсынбаев «ХХ ғ. 30-жылдарындағы Қазақстандағы қуғын-сүргін зардаптары» жайында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің доценті, облыстық ҚХА ғылыми-сараптау тобының мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Сейдахан Уəлиұлы Бақторазов «Оңтүстік Қазақстанда жаппай саяси қуғын–сүргінді жүзеге асыру барысындағы жеке тағдырлар қасіреті» (өңірде репрессияға ұшыраған павлодарлықтар хақында), М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Зылыйха Шахметқызы Бимаканова «Жазықсыз жазаланған тұлғаның тарихы» туралы, «Долинка к. саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу музейі» КМҚК, жалпы тарихты қамтамасыз ету ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Мария Григорьевна Дребезгова «Насильственное переселение немцев в Казахстан в 40-е годы ХХ века», РҒА Ресей тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Галина Михайловна Иванова "Советская молодежь под ударом сталинских репрессий (конец 1940-х – начало 1950-х гг.)", «Солтүстік Қазақстан облыстық «Коперник» поляк мəдени орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары» Валентина Юлюсьевна Корнева «Польки-спецпереселенки: гендерно-социальные аспекты труда и быта», А.Н. Ёлгин атындағы №1 орта білім беру мектебінің тарих жəне қоғамтану пəні мұғалімі, павлодарлық Нұрлан Меңдешұлы Сейітов «Қазақстандағы ұлттық интеллигенцияға қарсы бағытталған саяси қуғын-сүргін», Шығыс Қазақстан облысы Инновациялық-технологиялық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Аққайың Мұратқызы Балықова «Шығыс Қазақстан облысына жер аудару кезеңінің тарихы», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Лесқали Базарғалиұлы Бердығожин, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ҚХА кафедрасының меңгерушісі Людмила Александровна Гривенная «Гурьев мұнайшылары: жұмыс факультетінің тарихынан. Сталиндік террор құрбандарын еске алу», «О реабилитации лиц, подвергшихся репрессиям», Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайының ғылыми қызметкері Əлия Үкіжанқызы Аупенова, «Bolashaq» академиясының «Руханият» ҒЗО директоры Айгүл Сəулетқызы Омарова «Карлагта тұтқындалған ұлы ғалым», Түркістан облысы Сайрам ауданы Аналар кеңесінің төрағасы, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпағы Үмітгүл Балғабайқызы Мұратбекова «Бірлікке бастаған қасіретті жыл», М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тақырыптарында сөз сөйлеп, пікір білдірген болатын.

Ал сессияның «Аштық. Соғыс. Өмірлік сабақ» атты екінші отырысының алғашқы сөзін қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры, саясат ғылымдарының кандидаты Талғат Бегімұлы Қалиев бастады. Кейін

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Мицва» еврей этномəдени бірлестіктері қауымдастығы ЗТБ төрағасы Александр Иосифович Барон «О международном проекте «История. Память. Люди» (об истории эвакуации людей, промышленных предприятий, интеллигенции и др. в Казахстан), ҚР Президенті Архивінің бас сарапшысы Евгения Викторовна Чиликова «О документальной базе данных о военнопленных казахстанцах Второй мировой войны», Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, этномəдени жəне тарихи антропологиялық зерттеулер орталығының директоры, профессор, тарих ғылымдарының докторы Зауреш Ғалымжанқызы Сақтағанова «Ұлы Отан соғысы майданындағы Қазақстан əйелдері», ГУЛАГ Мемлекеттік тарих архиві ғылыми-зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері Илья Витальевич Удовенко «Советская лагерная система в годы Великой мировой войны», Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің Халықаралық қатынастар жəне Ресейдің сыртқы саясаты кафедрасының доценті, ТМД жəне Балтық елдерімен ынтымақтастық ҒАО басшысы, Еуразия-Поволжье ақпараттық-талдау орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Марина Владимировна Лапенко «Преемственность исторической памяти о ВОВ: опыт молодежных движений и НКО в российско-казахстанском приграничье», «Atamnyn amanaty» ҚБ басқарма төрағасы Мұрат Жаңатайұлы Молдағалиев «Atamnyn amanaty» ҚБ іздестіру қызметі туралы, Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің бас сарапшысы Айнаш Əзімжанқызы Сейсенбаева «Архивтегі ашаршылық ақиқаты: деректер жиынтығы» (факты голодомора в архивах: сборник документов), əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Нұрсұлу Жамалбекқызы Шаймерденова, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Джемма Болатқызы Аманжолова «Өткенге хат» жобасы: «Дəуір жəне тұлға» ғылыми ағартушылық жобасы ұйымдастырған отбасы мұрағаттары жəне өскелең ұрпақты тарихи естелік негізінде тəрбиелеу, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті тарих кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Светлана Викторовна Елеуханова «Воспоминания женщин немок о депортации в Казахстан во время ВОВ», Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Айтжан Жұмабайұлы Оразбақов "Ұлы Отан соғысы жылдарында Қызылорда облысына күштеп көшірілген халықтар", Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан тарихы жəне əлеуметтік-саяси ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымдарының докторы Дəулет Кəрібайұлы Омаров "Соғыс жылдарында Сыр өңіріне эвакуацияланған жəне күштеп қоныс аударылған халықтар тағдыры", Т.К. Жүргенова атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, ХАА академигі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Меңдіғаным Жамалбекқызы Шаймерденова «Судьба солдата из Казахстана: сквозь времени и пространство», М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Негматжон Шадиметович Алметов «Мектепте тарихты оқыту: репрессия жəне ашаршылық кезеңі материалдары негізінде цифрлық дəуір ұрпақтарын тəрбиелеу тəсілдері» тақырыптарында баяндамалар жасады.

«Қазақстан: тарихи тағылым саясаты» атты халықаралық онлайн конференция биыл осымен 11-ші мәрте дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жоба жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыруға және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясындағы құндылықтар негізінде еліміздегі бірлікті нығайтуға бағытталған.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мұндай халықаралық іс-шараны алғаш рет 2010 жылы ұйымдастырған. Оған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің ГЫМҚ-ның (Гуманитарлық ынтымақтастығының мемлекетаралық қоры) мұрындық болған. Ал бұл отырыс еліміздің астанасында және Ақмол өңіріндегі «АЛЖИР» музей-мемориальдық мұражай кешенінде өткізілген болатын.

Осы шара шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Назарбаев өзге елде жер аударылған әрі саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың он екі елінен келген ұрпақтарын қабылдаған еді. Жүзбе-жүз кездесу барысында олар жапа шеккен азаматтардың есімдерін мәңгі есте сақтау мәселелерін кеңінен талқылаған. Оған қоса, сол шара кезінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің тарихшыларының «Тарихтан – қазіргі заманға» атты тұңғыш форумы өткен еді. Оған шамамен үш жүзге жуық қазақстандық және шетелдік тарихшы-ғалымдар қатысқан. Форум соңында тарихи мұраларды зерделеудің арнайы әдіс-тәсілдерін дайындау турасындағы Астана хартиясы қабылданған болатын.

Ал келесі жылы бұл шара Қарағанды өңіріндегі Долинка аймағындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінде өтті. Дәл сол жылы жиырмасыншы ғасырдың отызыншы және қырқыншы жылдарындағы Кеңес үкіметінің мемлекеттік терроры жүйесінде қуғынға ұшырағандарға арналып салынған ауқымды лагерьлердің бірі саналатын КарЛАГ-тың салынғанына 80 жыл толған. Сонымен қоса, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ осы жоба шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен қазақ жеріне жер аударылған жұртшылықтың өмірін егжей-тегжей баяндайтын «Жерұйық» атты көркем фильмін түсірген. Оның режиссері – Сламбек Тәуекел, ал сценаристі Лаврентий Сон. Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының шеңберінде Қарағанды облысы орталығынан Нұр-Сұлтан қаласы арқылы «АЛЖИР – КАРЛАГ» атты автошеру өткізілген еді.

Үшінші рет осы «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы отызыншы жылдар кезеңіндегі ашаршылық құрбандарын еске алудың сексен жылдығына әрі қазақстандықтардың өзге елдерге жер аударылуының 75 жыл толуына орайластырылып ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында «Ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш» монументі бой көтерді. Одан бөлек, еліміздегі этномәдени орталықтардың бастамасымен Алматы облысына қарасты Қаратал ауданында Бастөбе тауының баурайында жұртты бірінші рет жер аударған мекенге «Қазақ халқына мың алғыс» ескерткішінің іргетасы қаланғаны баршамызға мәлім.

Төртінші мәрте, яғни 2013 жылы бұл іс-шара Оңтүстік Қазақстан аймағындағы «Қасірет» атты мемориал-кешенінде ұйымдастырылды. Мұнда облыс деңгейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейде қуғын-сүргінге ұшырағандардың артында қалған ұрпақтарымен емін-еркін форматта кездесу өткізілді. Ал қазақ ұлттық өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқан драматуг Жұмат Шанин атындағы облыстық драма театрында «Тарих трагедиясы» тақырында музыкалық-драмалық спектакль қойылған еді.

Ал 2014 жылы бұл «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты әлемдік деңгейдегі форум Шығыс өңірінде жалғасты. Нақтырақ айтсақ, Семей қаласында 30 мамыр күніне орай форуммен қоса, «Алаш феноменіне заманауи көзқарас: тарих сабақтары және біріктіруші тұжырымдар» деген ғылыми-тәжірибелік ауқымды конференция және «Есте сақтау үшін...» акциясы болды.

Алтыншы рет әлемдік шараға қатысушылар Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына қарасты Жымпиты ауылына барды. Мұнда осы жоба шеңберінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып жасалған «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» атты қайырымдылық акциясы және депортацияға ұшыраған, саяси қуғын-сүргіннің құрбандарымен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін еске алу шарасы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Әйел денсаулығы – ұлт денсаулығы» атты әлеуметтік кеңестер беретін, қазақстандық жастарға арналған «Құрмет. Түсіну. Келісім» әлеуметтк көптеген тренингтер өткізілді.

Жетінші рет осы халықаралық жоба шеңберінде Жезқазған қаласы мен Ұлытау кентінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Сонымен қоса, мұнда келушілер «Халықтың қасіреті ұмытылмайды!» атты құжаттық-экспонаттар және «Өткен ғасырдың отызыншы-елуінші жылдар аралығындағы саяси қуғын-сүргін» тақырыптық көрмесін тамашалады. Одан бөлек, елі мен жері үшін от кешкен жандарды еске алуға орайластырылған «Еске алу аллеясы», «Теңдессіз сый» атты түрлі еске алу акциялары мен тарих беттеріне шолу сабақтары және осыған ұқсас бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылған еді.

Ұйымдастырушылар 2017 жылы осы ауқымды жоба аясында Сыр елінде Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында ауқымды деңгейде іс-шара өткізді. Мұнда «Қорқыт ата: тарихи жады мен тағылым – рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды және «Қазақстан тарихы. Құжаттар мен материалдар (1917 мен 2012 жылдар аралығын қамтитын)», «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи -құжаттық көрмелер қатысушылар назарына ұсынылды.

Тоғызыншы рет «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы шеңберінде іс-шара Ақтөбе облысындағы «Қазақ халқына мың алғыс» монументіне гүл қою рәсімінен бастау алған еді. Одан кейін «Бестамақ» ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының және «Тағзым» атты республикалық тарихи-экологиялық акцияларымен жалғасқан. Сонымен қатар, «Тарихи жады – рухани жаңғырудың негізі» атты тақырып төңірегінде бейбітшілік турасында түрлі сабақтар мен «Аялы алақан» қайырымдылық акциясы және «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым: тарлан тарихи зерде» атты әлемдік деңгейде «Нұр Отан» партиясының ғимаратында дөңгелек үстелдер өткізілді. Бұған қоса, Достық үйінде жастар мен қуғын-сүргін құрбандарының артында қалған ұрпақтарымен кездесулер мен «Түйе төбе» атты мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қою рәсімі өткізілді. Және тұрғындар қалашығына саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналып салынған ескерткіш бой көтерді. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру жолындағы тарих тағылымы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырыстары өткізілді.

Ал былтыр оныншы мәрте бұл «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтан шаһарында ұйымдастырылды. Форум барысында «Жарқын болашақ үшін өткенді тарихи-мәдени ұғыну» атты әлемдік ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Іс-шара шеңберінде конференцияға келушілерге қуғын-сүргін мен депортация жайында жазылған кітаптар мен Нұрлан Орынбасарұлының «Лев Премиров: исповедь художника Карлага» атты кітаптарының таныстыру презентациясы өткен болатын. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орындарының базасында Қазақстан халқы Ассамблеясының бір топ мүшелерінің, университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамдарының, кітапхана және музей мамандарының, сондай-ақ, студенттердің қатысуымен «Бейбітшілік сабақтары» ұйымдастырылды. Кейін конференцияға қатысушылар Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданындағы Ақмол ауылында «АЛЖИР» мұражай-мемориал кешенінде арнайы естелік қабырғасына және «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументтеріне гүл шоқтарын қойып қайтты. Ал бұл іс-шара соңында «Қазақ еліне мың алғыс» алаңында нұр-сұлтандық бір топ жастардың қатысуымен «Естелік вахтасы» деген арнайы флеш-моб өткен болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға