ТЖМ: Жер сілкінісінен кейін қираған нысандар тіркелмеді
06.08.2025 00:09
Фото:
© El.kz/Ербол Бекболат/Midjourney
ТЖМ «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары еліміздің үш аймағында тіркелген жер сілкінісінен кейін өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұдан өзге мамандар тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты.
Еске салсақ, 5 тамызда Астана уақыты бойынша 18 cағат 44 минут 11 секундта Шымкент қаласы мен Түркістан және Жамбыл облыстарында жер асты дүмпуі тіркелді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

