ТЖМ тікұшағы Зайсаннан Өскеменге науқасты дер кезінде жеткізді
Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиаспас» әуе экипажы шұғыл медициналық көмек қажет болған науқасты Зайсаннан Өскеменге жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Ми-8» тікұшағын пилоттар Сергей Пинигин мен Олег Алфеев басқарды. Борт инженері Ұлбала Абдилдаев өз міндетін мүлтіксіз атқарған. Әуе бригадасымен бірге санитарлық авиация дәрігерлері Рим Мендыбаев пен Татьяна Сергеева сапарға шықты.
1985 жылы туған науқасқа жедел медициналық көмек қажет болғандықтан, ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды. Бұл әуе техникасы ұзақ қашықтықты қысқа уақытта еңсеруге және қолжетімсіз аймақтарға жылдам жетуге мүмкіндік береді, - деп жазылған ТЖМ ақпаратында.
Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау сәтті өтіп, науқас Өскемендегі медициналық мекемеге уақытылы әрі қауіпсіз жеткізілді.

