Жаңалықтар

ТЖМ: Су тасқынына қарсы жұмыстарға 46 мыңнан астам адам тартылды

ТЖМ: Су тасқынына қарсы жұмыстарға 46 мыңнан астам адам тартылды
Фото: t.me/ortcom_kz 17.04.2024 10:38 534

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаштың мәліметінше, 3 709 тұрғын үй мен 2 475 аула аумағынан судың бағыты бұрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осы сағатта 16 мың адам өз үйлеріне оралды. 6 950 адам, оның ішінде 3 113 бала эвакуациялау пункттерінде.

Жедел шаралардың арқасында ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен үй жануарларын эвакуациялау алдын ала жүргізілді. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 116 949 адам, оның ішінде 40 781 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 112 539 ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. 9,8 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 2,9 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді.

Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 837 жеке тұрғын үй, 1 353 аула аумағы және 3 124 саяжай үйлері су астында қалуда, - деді ТЖМ өкілі.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 46 417 адам,  4 351 техника, 873 су сору құралы, 308 жүзу құралы, 16 әуе кемесі жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға