Жаңалықтар

ТЖМ қызметкерлері тұрғын үй секторында рейдтер жүргізді

ТЖМ қызметкерлері тұрғын үй секторында рейдтер жүргізді
Фото: ҚР ТЖМ 29.10.2024 06:02 364

Өңірлерде жылыту кезеңінде тұрғын үй секторындағы өрттердің алдын алу, өрт кезінде адамдардың қаза табуы және көміртегі тотығымен улану бойынша іс-шаралар жоспары іске асырылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Ұлытау облысы ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарымен, полициямен және «Бірлік» волонтерлік ұйымымен бірлесіп, 882 тұрғын үйді  аралап, өрт қауіпсіздігі талаптарының ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өрт-профилактикалық жұмысты жүргізу мақсатында әлеуметтік қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдарының деректері бойынша пешпен жылытылатын 365 жеке тұрғын үйде тұратын халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үй тізімдері қалыптастырылды. Осы әлеуметтік осал топтағы үйлерге көміртегі тотығын анықтайтын датчиктерін орнату кезең-кезеңімен жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін 93 датчик орнатылды.

Біз үшін азаматтардың қауіпсіздігі бірінші орында, ол үшін біз тұрғын үй секторында үнемі профилактикалық жұмыстар жүргіземіз. Азаматтарға үйдегі өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін сақтауды ескертеміз, - деп атап өтті ТЖД бастығының орынбасары Шыңғыс Самиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға