ТЖМ қызметкерлері Теміртауда бүлдіршінді құтқарды
13.06.2025 23:15
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Теміртау қаласында үш жастағы бала пәтерде қамалып қалып, ТЖМ құтқарушылары құтқарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қоңырау шалған әйел үш жасар ұлының пәтер ішінде абайсызда қамалып қалып, есік ашуға әрекет жасағанына қарамастан жауап бермей жатқанын мәлімдеді. Сол сәтте кішкентай бала терезе алдына шығып, сыртқа қарап тұрған.
Анасы пәтердің сыртында болған және ішке кіре алмаған соң оқиға орнына шұғыл түрде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшесі жетті.
Құтқарушылар үш буынды сатының көмегімен ашық тұрған терезе арқылы пәтерге кіріп, кіреберіс есікті ашты. Бүлдіршінге медициналық көмек қажет болған жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

