ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
16.12.2024 04:36
Фото:
Видеодан кадр
Қарағандыдағы Дүйсембеков көшесінде орналасқан тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалын ас үй жиһазын шарпып, түтін кіреберіске тез тарады. Сол үйде тұратын № 7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Наиль Асадуллин құтқару қызметіне қоңырау шалып, адамдарды эвакуациялауға кірісті.
Өрт толығымен сөндірілді. ТЖМ күштері құтқару қалпақтары арқылы 6 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарды.
ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері 1949 жылы туған әжеге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

