ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 3 адамды құтқарды
11.05.2025 01:26
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Ақтөбе қаласында өрт кезінде төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары үш адамды аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс орталығындағы Астана ауданында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде жиһаз жануы салдарынан өрт шықты.
Түтін басқан подъездден өрт сөндірушілер 3 адамды құтқарды. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ тарапы бұл ретте ел тұрғындарынан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

