ТЖМ қызметкерлері ер адамның өмірін сақтап қалды
02.08.2025 14:21
Фото:
Видеодан кадр
112 жедел қызметіне Қарағанды облысы Шахтинск қаласында 1978 жылы туған ер адамның жоғары кернеулі электр бағанасына шығып, өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар авто сатының көмегімен азаматты қауіпсіз түрде жерге түсірді. Құтқарылған азамат медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Ол дене жарақатын алған жоқ.

