ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ қызметкерлері батпаққа батып қалған жолаушыларға көмек көрсетті

11.05.2025 07:30

ТЖМ қызметкерлері Қостанай облысында балшыққа батып қалған жолаушыларға көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірге қарасты Сарыкөл ауданында далада 15 адам мінген көлік балшыққа батып қалған. ТЖМ құтқарушылары өтімділігі жоғары көлікті пайдалана отырып, көлікті жолдың қауіпсіз учаскесіне сүйреп шығарды. Жолаушылар сапарын әрі қарай жалғастырды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Белгілі болғандай туристтер "Батыр Барақ" мавзолейінен қайтып келе жатқанда, жаңбырдың салдарынан пайда болған балшыққа батып қалған.