ТЖМ қызметкерлері ауыр жүк көліктеріне көмекке келді
05.03.2025 21:14
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Ақтөбе облысында ТЖМ қызметкерлері ауыр жүк көліктеріне көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе облысының Хромтау ауданында «Дон-Бадамша» автожолында жүк көлігі қар құрсауында қалып, қозғалысты тоқтатып, нәтижесінде екі жағынан 30-ға жуық көлік кептеліп қалды.
ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері мен ТЖД қызметкерлері қар құрсауынан 2 жүк және 2 жеңіл көлігін шығарды. Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ. Жолды тазалағаннан кейін көліктер жолдарын жалғастырды, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.

