Жаңалықтар

ТЖМ қызметкері Абай облысында 11 жасар баланы құтқарды

ТЖМ қызметкері Абай облысында 11 жасар баланы құтқарды
Фото: ТЖМ 24.07.2024 22:42 433

Семей қаласы Ертіс өзенінде Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Е.Кұлсынов пен А.Ибраев патрульдеу кезінде «Семей қалалық жағажайы» аумағында 2013 жылы туған бала құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақпарат жинау барысында жабдықталған жерде шомылу кезінде баланы ағыспен алып кете бастағаны анықталды. Осы фактіні байқаған құтқарушылар балаға көмекке жүгіріп, содан кейін жағаға жеткізді. Қазіргі уақытта құтқарылғанның жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.

ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға