ТЖМ

ТЖМ құтқарушысы халықаралық фестивальдің жеңімпазы атанды

Атырау облысы Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында өткен халықаралық «Lotus Fest–2025» мәдени-туристік фестивалі аясында алыптар сайысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Күш пен төзімділікке негізделген бұл жарыс көрермендер үшін ерекше әсерге толы сәттердің біріне айналды.

Жарысқа 11 спортшы қатысып, 7 түрлі сайыста бақ сынасты. Әрбір қатысушы ең мықты және төзімді атану үшін өз күші мен шыдамдылығын дәлелдеуге тырысты.

Құрманғазы ауданының ТЖ бөлімі №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Ерсейт Бралин халықаралық фестиваль аясында өткен күштілер сайысында 1-орынға ие болды. Енлі ол қыркүйек айында Алматы қаласында өтетін республикалық «Ақбидай» жарысына қатысады.