ТЖМ құтқарушылары жүкті әйелге көмек көрсетті
Мөлдір Қайнар тілші
22.01.2025 09:57
Фото:
© Freepik.com
ТЖМ құтқарушылары жүкті әйелге көмек көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қатты боран себебінен Қарағанды облысының Осакаров ауданындағы аттас ауылға жүкті әйел бар жедел медициналық жәрдем көлігін сүйемелдеу қажеттігі туындады.
Ауа райының қолайсыздығына қарамастан құтқарушылар әйелді аудандық ауруханаға ТРЭКОЛ техникасымен аман-есен жеткізіп, медициналық қызмет мамандарына табыстады.

