ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ құтқарушылары жолда қалған бірнеше көлікті қар құрсауынан шығарды

ТЖМ қызметкерлері Жамбыл облысының Қордай ауданында жолдың жабық учаскесінде қарда тұрып қалған бірнеше көлік қауіпсіз аумаққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ құтқарушылары вахтовка автокөлігімен 4 жеңіл және 2 жүк көліктерін тазартылған жолға тартып шығарды. Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте. 

ТЖМ ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тысқары шығудан аулақ болуды қаперге салады.