Жаңалықтар

ТЖМ құтқарушылары жаңа техниканы қалай меңгеруде

ТЖМ құтқарушылары жаңа техниканы қалай меңгеруде
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 02.11.2024 12:19 295

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығы аумақтық бөлімшелердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға ерекше көңіл бөліп отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Бүгінгі таңда адам өмірін құтқару, төтенше жағдайларға ден қою мен жоюға арналған арнайы техникалармен аумақтық өңірлердің ТЖД автопаркілері толықты. 

Солтүстік Қазақстан облысының ТЖД жедел-құтқару жасағына ауа-райының ең қолайсыз жағдайында да жұмыс істейтін заманауи кеме – «Marlin 830» қайығын алды. Берікті дизайн, тамаша маневрлік және сенімділік, қазіргі заманғы байланыс және навигация құралдары оны құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл қайықты пайдалану арқылы облыстың су айдындарындағы жету қиын жерлерде төтенше жағдайларды жою жылдамдығын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беріледі.

СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметіне жоғары қабатты ғимараттардағы өрттерді сөндіруге және адамдарды эвакуациялауға арналған Германияда шығарылған «MAGIRUS» баспалдақ көлігі алынды. 55 метрге дейін тартылатын баспалдақ, құтқару лифті, автономды генератор, жетілдірілген басқару жүйесі тұрғын үйлер тығыз орналасқан қалалық құрылыс жағдайында ТЖ және өрттерді жою кезінде осы арнайы техника жедел пайдалануға мүмкіндік береді, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу уақытын қысқартады, - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта. 

ТЖМ аумақтық бөлімшелерге әлемдік брендтердің заманауи үлгілерін сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асыруда. Республикалық бюджет есебінен алынатын осындай құтқару техникалары басқа да өңірлерге беріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға