Бейнежазбадан скриншот

ТЖМ құтқарушылары тау басында адасып кеткен адамды төмен түсірді

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылар Алматы облысында тау басында адасып кеткен 20 жастағы жігітті аман құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

⛰Бүгін 2005 жылы туған бозбала Алматы облысы Талғар ауданының тауларынан түсіп, жолдан адасып, құтқарушылардың көмегіне жүгінген .

Осыдан кейін республикалық жедел-құтқару жасағының тобы шақырту түскеннен кейін дереу ТЖМ басшысының тапсырмасы бойынша жақында ашылған "Медеу" бекетінен шығып, Кимасар шатқалындағы көпірге жетіп, одан әрі биіктігі 3053 м болатын Фурманов шыңына қарай жаяу жүрулеріне тура келді. 

Қатты жаңбыр, қалың тұман және шектеулі көрініс түрінде болған ауа-райының қолайсыздығына қарамастан құтқарушылар туристті тауып, оған қажетті көмек көрсетіп, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, елді мекенге жеткізді. Өтініш беруші медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.