Бейнежазбадан скриншот

ТЖМ құтқарушылары Тараздағы пәтерден шыққан өртті сөндірді

09.06.2025 03:31

Тараз қаласындағы Абай даңғылы бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатында өрт шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оқыс оқиға туралы хабарлама Төтенше жағдайлар қызметін бірден түскен. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында жалын толықтай сөндірілді.

Баспалдақ арқылы бір адам құтқарылып, 15 тұрғын, соның ішінде 4 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды, - деді ТЖМ баспасөз қызметіндігілер. 

Аталған оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.