ТЖМ құтқарушылары су айдындарындағы қауіпсіздікті күшейтті
ТЖМ шомылу маусымында су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ауқымды профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мұндағы мақсат - судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, халықтың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және су жанында демалу кезінде ережелерді сақтау қажеттілігіне назар аудару.
Жаз айы басталғалы бері ТЖМ ІІМ қызметкерлерімен бірлесіп 30 мыңнан астам патрульдеу және рейд өткізді, нәтижесінде қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін 902 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ТЖМ бұл ретте су маңындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамау қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салады. Профилактикалық рейдтер еліміздің барлық өңірлерінде тұрақты негізде жалғаса бермек.

