ТЖМ құтқарушылары Солтүстік Қазақстанда қар құрсауында қалған жүргізушіні құтқарды
10.01.2025 08:31
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
ТЖМ қызметкерлері Солтүстік Қазақстанда қар құрсауында қалған жүргізушіні құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Солтүстік Қазақстан облысының Ғ.Мүсірепов ауданында Чистополье және Салқынкөл ауылдарының арасында жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды. 1989 жылы туған жүргізуші 112 нөміріне хабарласып, көмек сұраған.
Құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірге жоғары өтімді техникамен оқиға орнына жедел жетіп, автокөлікті тазартылған жол учаскесіне сүйреп шығарды. Жүргізушіге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда алыс жолға шықпауға кеңес береді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

